1 Желтоқсан 2024 2024, 23:38
Қарағандыда республикалық жол қозғалыс үшін ашылды
Қарағанды облысында бұған дейін ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған республикалық маңызы бар трасса ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысында бұған дейін ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған республикалық маңызы бар трасса ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ мәліметінше, 1 желтоқсанда сағат 23:00-ден бастап "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырымы аралығы (Новостройка ауылынан - Ақсу-Аюлы ауылына дейін) көлік қозғалысы үшін ашық.
Еске салсақ, бұған дейін еліміздің үш өңіріндегі республикалық маңызы бар бірнеше трасса көлік қозғалысы үшін уақытша жабылған болатын.