Қарағандыда қызылшаға қарсы екпе салынып жатыр
Қарағанды облысында қазіргі уақытқа дейін 197 адам қызылшаға қарсы екпе алған. Қарағанды облысында қызылша жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ, деп хабарлайды Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Наурыз айының басында Қарағанды облысында 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша жұқтырған 3 жағдай тіркелді. Қызылша жұқтырған балалардың барлығы Түркия елінен келген. Қызылшаға қарсы екпе алмаған. Өңірде қызылшаға қарсы вацинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жайында Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова айтты.
Аймақта қызылша жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ Дегенменде аймақтағы эпидемиялық жағдай әлі де күрделі. Елдегі қолайсыз жағдай қызылшаға қарсы екпе алудың үзілуіне байланысты орын алып отыр. Пандемия кезінде қызылшаға қарсы екпелер салынбады. Осыған байланысты қазіргі уақытта Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе иммундау жұмыстарын жүргізуде, - деді басқарма өкілі.
Қазіргі уақытта қызылша жұқтыру жағдайлары Ресей, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінде тіркелуде. Қазақстанда 70 жағдай зертханалық тұрғыда тіркелген. Қызылшаны екпе алмаған 14 жастағы балалар жұқтыруда.
Вакцина 1 мен 6 жас аралығындағы балаларға салынып жатыр. Сондай-ақ, сырқатпен жақын қарым-қатынаста болған 30 жасқа дейінгі адамдарға да салынады. Біздің аймақта өткен жылдары қызылшаға қарсы екпе салдыруға 3 мың адам қарсылық білдірген. Шетелге шығардан бұрын екпе алмаған, қызылмшамен ауырмаған жандарға екпе алуды ұсынамыз. Вакцинациядан кейін қызылшаға қарсы иммундық жүйе он күнде қалыптасады, - дейді Гүлжан Байғұтанова.
Қызылша ауа тамшылары арқылы жұғады, екпе алмағандарға қауіп төндіреді.