Қарағандыда құтқарушыларға арналған аллея ашылды

Қарағандының «Жеңіс» саябағында «Құтқарушылар аллеясы» ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол азаматтық қорғаныс саласында талмай еңбек ететін барша қызметкерлерге арналды, деп жазды «Хабар 24».

Болашақта мұнда құтқару жұмыстары кезінде қаза тапқан батырларға арнаған мемориалды ескерткіш қойылмақ. Игі шараға жиналғандар қызмет бабында қаза тапқандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Сөйтіп қатарға, жаңадан қосылған жас құтқарушылар да ант қабылдады. 

Атап өткен жөн, Қарағанды облысы бүгінде ең ірі гарнизондардың бірі болып саналады. Мұнда жыл сайын орта есеппен 11 мыңнан астам құтқару жұмыстары атқарылады. Облыста 2 мыңға жуық құтқарушы, 55 авариялық-құтқару бөлімшелері бар. Мамандар аптасына кемі 300-ден астам жедел – құтқару жұмыстарына шығып тұрады. 

Қазір мына 9 айдың қортындысы бойынша біз 7 мыңнан астам авариялық құтқару жұмыстарына шықтық. 1700-дей адам құтқарылды. 1 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Алда мақсаттарымыз көп, міндеттерімізде аз емес, - деді Қарағанды облысы ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы