Қарағандыда құтқарушылар өмірлерін қатерге тігіп, өрттен 66 газ баллонды алып шықты

Қарағандылық өрт сөндірушілер өздеріне қауіп төндіріп, газ цистернасының жарылуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ТЖД күшімен 66 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.

Сағат 16.19-да Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандағы автогаз құю станциясында көлемі 6 текше метр болатын металл сыйымдылықтағы газдың жануы орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары қауіпсіздік ережелерін ескере отырып жүргізілді. ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрт сағат 16.48-де оқшауланып, сағат 16.59-де сөндірілді. 66 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды. Өртке қарсы қызмет келгенге дейін контейнерде газ-ауа қоспасының тарсылы болды, кейін жеке құрылымның металл конструкциялары зақымдалған, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қойма өртенгені туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы