Қарағандыда құны 52 млн теңгені құрайтын заңсыз алкоголь мен темекі анықталды

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің заңсыз акцизделетін өнімді анықтау бойынша кезекті рейдтік іс-шаралары ірі көлемдегі тауарларды тәркілеумен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың қазан айының басында жүргізілген тексерулер барысында тиісті лицензиясыз 1077 бөтелке алкоголь, 26 000-нан астам заңсыз темекі өнімі анықталды және тәркіленді.

Алдын-ала бағалау бойынша заңсыз айналымнан алынған тауарлардың жалпы нарықтық құны шамамен 52 млн теңгені құрайды. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, акцизделетін өнімнің заңсыз және контрафактілік айналымы заң бойынша қудаланады, ірі айыппұлдан (500 АЕК дейін) бөлек, құқық бұзушыларды лицензиясынан айыра отырып, алынған тауарларды тәркілеу қаупі төніп тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мемлекеттік кірістер департаменті
Өзгелердің жаңалығы