31 Шілде 2023 2023, 02:26
Қарағандыда құбыр жарылып, тұрғындар сусыз қалды
Қарағандыдағы Назарбаев көшесінде коммуналдық апат болып, бірқатар тұрғынүй сусыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағандыдағы Назарбаев көшесінде коммуналдық апат болып, бірқатар тұрғынүй сусыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Назарбаев, 11-35, 20-36, Гоголь 21-31, Чижевский, 11-29, Лобода, 46/2 көшесінде тұратын тұрғындар суық сусыз отыр.
«Қарағанды Су» ЖШС мәліметіне сәйкес, Назарбаев, 19/1 көшесіндегі су құбырынан ақау шыққан.
Орталық сумен жабдықтау цехының бригадасы апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген мекеме таратқан хабарламада.