14 Маусым 2024 2024, 09:46 Фото: ТЖМ

Қарағандыда қонақ үй өртенді

Қарағандылық құтқарушылар қонақ үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандылық құтқарушылар қонақ үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін Қазыбек би ауданында қонақ үйлердің бірінде қаптама қабырғалары және кондиционердің жануы орын алды. 13 адам алдын ала эвакуацияланды. ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 23 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.