Қарағандыда қатты бораннан жарық сөніп қалды
Қарағандыда боранның салдарынан жаппай электр жарығы сөніп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қарағанды Жарық» ЖШС-ның мәліметінше, коммуналдық қызметтердің жарықты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіне ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіріп отыр.
Құрметті тұтынушылар! Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағандыда жаппай технологиялық олқылықтар орын алуда. Шұғыл бригадалар боранның салдарын жою үшін жұмыс істеуге кірісті, - делінген компанияның хабарламасында.
Сондай-ақ Теміртау қаласында да қатты жел мен бораннан жоғары вольтты электр беру желілерінің үзілгені белгілі болды.
Әкімдік электр желілеріндегі апаттар ЖЭО-2 жұмысына да әсер етті деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы