Қарағандыда қалың қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды

Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Осакаровка ауданында болған. Қалың қар мен жолдың көрінбеуі салдарынан 5 жеңіл автокөлік далада қозғала алмай тұрып қалған. Көліктердің ішінде 12 адам болған, олардың үшеуі – кәмелетке толмаған балалар.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына арнайы жол талғамайтын техникамен жеткен. Құтқару операциясы кезінде барлық азаматтар жақын маңдағы елді мекенге эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ баспасөз қызметі тұрғындарды ауа райы күрт нашарлаған кезде сақ болуға шақырды.

Дауылды ескертулерді қатаң ескеріп, қолайсыз жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауға кеңес береміз, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Құтқарушылар боранды күндері жолға шығу адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін тағы бір мәрте еске салды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы