Қарағандыда полиция бекетінде әйелдің мәйіті мен ес-түссіз полицей табылды

Қарағандыда тірек пунктінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішісі.

Қарағандыдағы полицияның тірек пункттерінің бірінен азаматшаның денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда.

Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық іс-әрекеттер мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Азаматтарды шындыққа жанаспайтын ақпарат таратудан бас тартуға шақырамын, - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев - архив
Өзгелердің жаңалығы