5 Қазан 2026, 21:50
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Қарағандыда пәтердегі өрттен 8 адам эвакуацияланды
Сондай-ақ өрт шыққан пәтерден газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
Қарағандының 22-шағынауданында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, розеткадағы қысқа тұйықталудан интернет-модемнің кабелі тұтанған. Кейін өрт пәтердегі заттарға таралып, шамамен 4 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға кезінде пәтер иелері үйде болмаған. Түтіннің иісін сезген көршілер құтқару қызметін шақырған.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері подъездегі пәтерлерден 8 адамды баспалдақ арқылы эвакуациялады. Сондай-ақ өрт шыққан пәтерден газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар тұрғындарға электр құрылғыларын қараусыз қалдырмауды, ақаулы ұзартқыштар мен электр сымдарын пайдаланбауды ескертеді.