Қарағандыда өртенген үйден екі адамның денесі табылды

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қарашада сағат 06:52-де Луганская көшесінде өрт болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде жалпы ауданы 80 шаршы метрде үйдің ағаш конструкциялары, үй заттары мен жиһаз өртенген.

Ведомствоның хабарлауынша, өрт шыққан жерде 1953 жылы туылған әйел адамның және 1980 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт 08:06-да сөндірілді.

Өрт мұржаның дұрыс жұмыс істемеуінен болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы