Қарағандыда өртенген орман учаскесінің аумағы қалпына келтіріледі
Қарағанды орманшылығында өрттен кейін 40 гектардан астам жер тазартылады. Болашақта бұл аумақта жаңа көшеттер пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік орман күзетінің мамандары Кирзавод аумағындағы бүлінген алаңдарды тазартуға кірісті. Өткен жылдың жазында мұнда үлкен өрт болды.
Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс өрттен зақымдалған ағаштарды санитарлық тазалаудан басталған. Бүгінгі таңда орманшылар екі гектар жерді тазартты.
Алқаптарды кесіп, тазартқаннан кейін діңгектерді жою жоспарлануда. Әрі қарай, жұмыс жобасы жасалады, содан кейін екі жылдық топырақты өңдейді. Жобада отырғызу схемалары, отырғызылатын тұқымның ассортименті және отырғызу материалының мөлшері көрсетіледі. Алғашқы орман отырғызу 2026 жылға жоспарланып отыр, – деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ тіліндегі контентке деген қызығушылық артты
Өзгелердің жаңалығы