3 Қазан 2026, 07:12
Фото: BAQ.KZ архиві
Қарағандыда өрт шыққан пәтерден ер адам құтқарылды
Ол медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Қарағандының Әлихан Бөкейхан ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.
ТЖМ құтқарушылары барлау және өртті сөндіру барысында пәтерден ер адамды тауып, қауіпсіз жерге алып шықты. Ол медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Өрт салдарынан пәтердегі жиһаз, тұрмыстық техника және басқа да үй заттары жанған.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде жалынның өзге бөлмелерге және көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт шағын аумақта толық сөндірілді.