Қарағандыда "оқушыларды атамын" деп хабарлаған 13 жасар бала болып шықты

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен атқарылған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан Телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады. 

Белгілі болғандай, 13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, "Очищение Караганды" деген атаумен өзінің Telegram-арнасын құрған. Осыдан ұсталған азамат облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісінің дайындалуы туралы ақпарат таратқан. Қазіргі уақытта телеграмм-арнасы өшірілді. Полиция қызметкерлерімен бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатыстылығы тексерілуде. Полиция органдары шұғыл қызметтердің шығыны үшін залалды өтеу бойынша сотқа талап-арыз беріледі. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы