Қарағандыда оқу орнының бас есепшісі 90 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты. 

ҚМА Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері оқу орындарының бірінің бас есепшісінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.Тергеу барысында бас есепші өзінің қызмет бабын пайдаланып, бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау мақсатында 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамыр айына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды өз шотына, есепші, директордың орынбасары, екі өндірістік үй-жайларды тазалаушы және мекеменің бейіндік бағытының бірінің оқытушысына жалақысын аударып отырғаны анықталды, - деді ол. 

Әбділовтың айтуынша, қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңгені құрап, 13 миллион теңге өтелді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, - деді Әбділов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы