Қарағандыда монша өртенді

ТЖД күштері келгенге дейін әкімшілік 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 наурыз күні сағат 12:08-де Қарағанды қаласында Мұқанов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Екі қабатты Қарқаралы монша кешенінің ғимаратындағы 60 шаршы метр аумақты құрайтын бу бөлмелері өртке оранды.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен сағат 12:59-да жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД күштері келгенге дейін әкімшілік 10 адамды эвакуациялады. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Қарағанды облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы