Қарағандыда матч кезінде хоккейші көз жұмды

Қарағандыда хоккей матчы барысында қайғылы оқиға тіркелді. Оқиға мұз айдынында болған. Бұл туралы ақпарат "Патриот" Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ойын кезінде спортшының кенеттен жағдайы нашарлап, ол тізерлеп отырып, есінен танып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, келген медицина қызметкерлері спортшының қайтыс болғанын анықтады.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биологиялық өлім құлағаннан кейін бірден орын алған. Дәрігерлер жеткен сәтте ер адамда өмір белгілері болмаған.

Қайтыс болған хоккейші 46 жаста. Ол «СКА-Приозерск» командасының құрамында әуесқой хоккей лигасының жарыстарына қатысқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы