Қарағандыда көпқабатты үй өртке оранды

Қарағандының Майқұдық ықшам ауданында 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры толығымен жанып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Оқиға орнына облыс және қала әкімі барды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша құтқарушылар тұрғын үйден 15 адамды қауіпсіз жерге жеткізген.

Өрт жайлы хабарлама 14 сағат 59 минутта түсті. Ә. Бөкейханов ауданы, 11 шағын аудан 10 үйдің шамамен 900 шаршы метр шатыры өртке оранған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жасауда, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД. 

Белгілі болғаны, оқиға орнына облыс әкімі мен қала басшысы барған. Қазіргі уақытта өртсөндірушілер өртті ауыздықтау бойынша жұмыстарды жасауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: әлеуметтік желіден
Өзгелердің жаңалығы