Қарағандыда концерт кезінде жоғалған 35 бала ата-анасына қайтарылды
Қарағанды облысының тұрғындары тамыз айының соңғы жексенбісінде дәстүрге сәйкес кеншілер мерекесін атап өтіп жатыр.
Халық саны миллионға жақындаған кеншілер астанасында сенбінің кешінде Қазақстан және Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Қаланың орталық алаңына бұл концерттік бағдарламаны тамашалауға 50 мыңға жуық көрермен жиналды. Іс-шара кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға полиция департаментінің 500 ден астам жеке құрамы жұмылдырылды, – деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.
Айта кету керек, іс-шара кезінде ешқандай құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ. Тәртіп сақшылары концерт кезінде ата-анасы мен жақындарынан адасып қалған 35 баланы тауып, туысқандарына қайтарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бибісара Асаубаева Гран-при турнирінде екінші болды
Келесі жаңалық
Алматы облысында монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы