Қарағандыда кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесі 2%-ға төмендейді

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының кәсіпкерлері үшін маңызды жаңалықпен бөлісуді жөн көрдім. Мәслихаттар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Тек Қарағандыда бұл шара 44 мыңға жуық ШОБ өкілдерін қамтиды, - деп атап өтті өңір басшысы.

Айтуынша, бұл жұмыс Президенттің шағын және орта бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды жасау жөніндегі тапсырмасы шеңберінде іске асырылып жатыр.

Біз кәсіпкерлердің күрделі жағдайда жұмыс істейтінін жақсы түсінеміз. Осы орайда оларға қолдау білдіру аса маңызды. Біз үшін бұл бір реттік акция емес. Екі жыл бұрын біз елімізде бірінші болып бөлшек салық мөлшерлемесін төмендетіп, оң нәтижеге қол жеткіздік. Кәсіпкерлер көбейіп, бюджетке келіп түсетін түсімдер өсті. Бұл бизнесті қолдау шараларының әруақытта нәтижелі болатынын растайды. Осы орайда жұмыс орындарын ашып, Қарағанды облысының дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтарға алғыс білдіремін, - деді Ермағанбет Бөлекбаев.

Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер палатасына төмендегі мекенжайға хабарласуға болады.

Қарағанды, Тәттімбет көшесі 709, Мемлекеттік және сервистік қызметтер Орталығы, 2-қабат.

8712504055

karaganda@atameken.kz

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы