Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде жұмысшылар қаза тапты
1 қазан күні Қарағандыда Шахтер даңғылында кәріз құбырын ауыстыру кезінде мердігер компанияның екі жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс барысында көшкін жүріп, екі мердігер жұмысшыны басып қалды. Біреуі небәрі 18 жаста, екіншісі 41 жаста. Өкінішке қарай, екеуі де қайтыс болды, - деп хабарлайды КТК .
Жұмыстың мердігері «Қарағанды су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болды. Алайжа тендерді жеңіп алған компания марқұмдардың оның қызметкерлері емес екенін мәлімдеді.
Қарағанды облыстық полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі – «Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қар аралас жаңбыр: 2 қазанға арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы