30 Қаңтар 2024 2024, 04:50 Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағандыда газ баллоны жарылып, 6 адам үйінді астынан шығарылды

Қарағанды облысы Ботақара кентіндегі 2 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде газ баллоны жарылды. Оқиға он екі пәтерлі үйдің екінші қабатында 30 қаңтар сағат 00.07-де болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы Ботақара кентіндегі 2 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде газ баллоны жарылды. Оқиға он екі пәтерлі үйдің екінші қабатында 30 қаңтар сағат 00.07-де болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екінші қабат жартылай қираған. Құлау алаңы анықталуда. Үйінді астында адамдар бар. Жергілікті жерде штаб ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта үйінді астынан 6 адам шығарылып, Ботақара кентінің орталық ауруханасына жеткізілген.

Алдын ала болжаммен тұрмыстық газ баллоны жарылған. Төтенше жағдай орнына 45 адам және 13 техника жұмылдырылды. Үйінді астында қалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда делінген ТЖД мәліметінде.