Қарағандыда еріген қар суы тұрғын үйлерге кірген

Кеше қаланың жаңа орталығы саналатын Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданындағы бірнеше ірі көше мен даңғылды қызыл су алып кетті. Еріген қар суы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен бірінші қабаттарына да кірген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күн ысып, даладағы күрт еріген қар су Қарағандының орталығына лап қойды. Бірнеше сағаттың ішінде біршама аумақты су алып, тіпті тұрғын үйлердің бірінші қабаты мен жертөлелеріне де кіре бастады. Қарағандылықтар мен билік өкілдерін әбігерге салған төтенше жағдай тек түн жарымында ғана қалыпқа келді.

Қар суы Күнгей, Үштөбе елдімекендері маңындағы даладан келді. 1200 диаметрлі нөмер коллекторы күрт келген қар суын қабылдап үлгере алмады. Су Кеншілер даңғылының бойындағы құдықтың ернеуінен асып, көшелерге жайылды. Жолдардың бойымен аққан су «Строймарт» супермаркетінің жанындағы қиылысқа дейін жетіп, біз сол жерден суды қосымша каналға ағыздық, - деді қала әкімі Мейрам Қожухов.

Тәттімбет-Мұқанов көшелерінің қиылысындағы да жағдай тұрақталды. Қазыбек би ауданы әкімінің айтуынша, су тұрғын үйлер мен аулаларға кірмеген.

Арықты нығайтып, тегіс емес жерлерді қаппен толтырып, нығайттық. Нөсер канализациясы суды қабылдап жатыр. Қар суы аулаларға, үйлерге кірген жоқ. Жағдай бақылауда, - деді аудан әкімі Ералы Оспанов.

Еске салайық, кеше Қарағандыда бірнеше көшені су басты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы