Қарағандыда экскаваторшы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылды

 62 жастағы азаматшаны мерт қылған жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 наурызда полицияға Қарағанды қаласының Магнитогорск көшесіндегі автобус аялдамаларының бірінің маңында белгісіз экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кеткендігі туралы хабарлама түсті. 

Жол апатынан 62 жастағы азаматша оқиға орынында алған дене жарақатынан қайтыс болған. Ал оны қағып кеткен жүргізуші ол жерден қашып кеткен. 

Аталған дерек бойынша қалалық ПБ-ның барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікпен 61 жастағы экскаватор жүргізушісі ұсталды. ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы