Қарағандыда екі автобус соқтығысып 1 адам қаза тауып, 15 адам жарақаттанды
Қарағандыда 25 қараша күні таңертең көпірде екі автобус соқтығысып, 1 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан № 41 автобус жүргізушісі сол жерде қаза болып, № 146 маршрут жүргізушісі мен 15-ке жуық адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға кезінде № 41 автобуста адам болмаған, - деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Осы факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ЖКО орнында жедел-тергеу тобы, ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Былтыр құрылыс материалдары 100 пайызға дейін қымбаттады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы