19 Наурыз 2025 2025, 23:56
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Қарағандыда екі адам балшықтан шығарылды
ТЖМ құтқарушылары 2 адамды балшықтан шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ құтқарушылары 2 адамды балшықтан шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысы Осакаров ауданында қар ерігеннен топырақ шайылып, нәтижесінде жеңіл автокөлік балшыққа кептеліп тұрып қалған.
Құтқарушылардың күшімен автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп шығарылып, елді мекенге дейін сүйемелденді. Құтқарылған 2 адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.