Қарағандыда дауыл ұшырып әкеткен балалардың біреуі жансақтау бөлімінде
Қарағандыда қатты жел салдарынан жасанды көгалмен бірге үш бала ұшып кеткен. Оның екеуі зардап шекті. Дәрігерлер балалардың жағдайын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қарағандыда қатты дауыл салдарынан тұрғын үйдің ауласында төселген жасанды жабынды желмен көтеріліп, алаңда ойнап жүрген үш баланы ұшырып әкеткен болатын.
2014 және 2015 жылы туылған екі бала зардап шекті. Зардап шеккен екі баланың біреуі жансақтау бөлімінде.
2015 жылы туылған бала Х.Ж.Мақажанов атындағы ауруханаға ауыр бас-ми жарақатымен жеткізілді. Баланың маңдай, бас және білек сүйектері сынған. Бала жансақтау бөліміне жатқызылды. 2014 жылы туылған бала облыстық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың миы шайқалған және алдыңғы іш қабырғалары жарақаттанған, - деп хабарлады ведомство.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы