Қарағандыда дармарка өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласында «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараны StopMusor әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен серіктестікте ұйымдастырды.
Дармарка – бұл тегін жәрмеңке,онда қатысушылар енді пайдаланбайтын заттарды жақсы жағдайда алып келеді, ал оның орнына өздеріне ұнайтын нәрсені алады.
Дармарка жақсы заттардың жаңа иелерін тауып қана қоймайды, сонымен қатар жаңа тауарларды өндіруге, буып-түюге және жеткізуге бөлінетін ресурстар мен қаражат шығындарын азайтады. Бұл қоғам мен қоршаған ортаны саналы тұтыну мен тұрақты дамыту жолындағы қарапайым қадам.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы