1 Қыркүйек 2022 2022, 19:59

Қарағандыда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Қарағандының орталық саябағында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандының орталық саябағында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығы кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Іс-шара 2 қыркүйекте қаланың орталық саябағында (бас сахна жанында) сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.

Жұмыс іздеп жүргендердің барлығы, соның ішінде ЖОО және колледж түлектері жүгіне алады. Жәрмеңкеде жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге болады.
Байланыс телефондары: 996-397, 996-393
8 -775 - 644-35-80 (WhatsApp).