Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді
18 желтоқсанда Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Чемпионатқа ұлттық құраманың көптеген көшбасшысы қатысады. Алайда құрлық біріншілігінен кейін ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР чемпионатына дайындалуға уақыттың болмауына байланысты республикалық турнирге қатыспайтынын айтты.
Айта кетейік, күндізгі сессия сағат 14:00-де, ал кешкі сессия 18:30-да басталады.
Ел чемпионаты 24 желтоқсанда аяқталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қосшы қаласының 15 кәсіпкеріне 4,5 млн теңгелік берешек төленді
Өзгелердің жаңалығы