12 Қыркүйек 2026, 16:10
Фото: ТЖМ телеграм каналы
Қарағандыда бір жасар сәби шұңқырға құлап кетті
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан алып шығып, анасына аман-есен тапсырды.
Құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен баланы құтқарды.
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы Чайкина көшесінде тұрғын үйдің маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бала құлап кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан алып шығып, анасына аман-есен тапсырды.
Әрі қарай тексеру үшін бала жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.