Қарағандыда бір шешіммен игерілмеген бес жер учаскесі алып қойылды
Қарағанды облысының Жер ресурстарын басқару департаменті келіп түскен өтініштер негізінде объектілерді салуға арналған жер учаскелерін ұзақ уақыт пайдаланбау фактісі бойынша төрт жер пайдаланушыға қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеру барысында заңнама талаптарының бұзылғандығы расталды.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жалпы көлемі 2,2 гектар жер учаскелері одан әрі сауда-саттыққа шығарыла отырып, мәжбүрлеп алып қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы