Қарағандыда белгісіз ер азамат адамдарға оқ жаудырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағандыда сөзге келіспей қалған ер азамат екі адамға оқ жаудырған. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылдың 9 маусымында белгісіз азамат сөзге келіспеушілік барысында анықталмаған қарумен екі адамға оқ жарақаттарын келтірген. Жәбірленушілер ауруханаға жатқызылды. Оқиғаға қатысушылардың тұлғалары мен оқиғаның мән жайы анықталуда, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 3-тармағы "қару қолдану арқылы бұзақылық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмысты ашу күдіктілерді ұстау бойынша облыстың Ішкі істер органының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Тергеу амалдары жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркия 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуден үмітті
Өзгелердің жаңалығы