Кеше 2026, 20:39
Фото: pixabay.com
Қарағандыда әйелдің 600 мың теңгелік алтынын өз туысы ұрлап кеткен
Белгілі болғандай, ұрлық жасады деген күдік арызданушының 19 жастағы сіңлісіне қатысты туындаған.
Қарағанды қаласының Жаңа Майқұдық полиция бөлімшесіне 47 жастағы жергілікті тұрғыннан шағым түсті. Әйелдің айтуынша, оның пәтерінен құны шамамен 600 мың теңге болатын алтын бұйымдар ұрланған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ІІМ дерегіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.
Белгілі болғандай, ұрлық жасады деген күдік арызданушының 19 жастағы сіңлісіне қатысты туындаған. Бұл жағдай жәбірленуші үшін күтпеген жайт болды.
Күдікті кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында оның ұрланған алтын бұйымы жергілікті ломбардтардың біріне өткізіп үлгергені анықталды. Кепілдік түбіртектерінің негізінде полицейлер зергерлік бұйымдарды тауып, тәркіледі. Қазіргі таңда айғақ заттар қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді, - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.