Қарағандыда аязды күні даладан табылған сәби анасына берілуі мүмкін
Қарағандыда аязды күні есіктің алдынан табылған сәби анасына қайтарылып берілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық Қамқоршылық және қорғаншылық бөліміне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қазір тергеу мен сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сәбидің 22 жастағы анасының психикалық жағдайына сараптама жүргізілуде. Егер ол өзіне ие бола алмағаны немесе күшті препараттардың ықпалында болғаны анықталса немесе оған баладан құтылу үшін қандай да бір қысым көрсетілсе, оған баланы қайтарып беруі немесе ата-ана құқығын шектеуі мүмкін, - делінген Қарағанды қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің ақпаратында.
Сондай-ақ әзірге оның әрекетіне заңдық бағалау берілген жоқ.
Егер ол сәбиді саналы түрде тастап кетіп, баланы әрі қарай тәрбиесіне алғысы келмейтіні анықталса, бала оған берілмейді. Сәйкесінше, сәби бөбектер үйіне өткізіледі. Ал өскен соң әрі қарай балалар үйіне жіберіледі.
Дәл қазіргі сәтте баланың ауруханада тексеріліп жатыр.
Еске сала кетейік, 24 ақпанда Қарағандыдағы оңтүстік-шығыс ауданындағы үйлердің бірінің подъезінің алдынан туғанына екі апта ғана болған сәби табылған болатын.
28 ақпанда сәбидің ата-анасының табылғаны айтылды.