Қарағандыда ауыр түрдегі астмамен ауыратын әйелге ұландық жауынгер көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 1 маусым күні сағат 23:00 шамасында Майқұдық бағытындағы айналма жолда көлік жүргізіп келе жатқан әйелдің денсаулығы нашарлап, астма ұстамасына шалдығады.

Бұл туралы  Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол жол жиегіне тоқтап, ентігіп жол-жөнекей өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатуға тырысады. Дәл сол кезде қасынан өтіп бара жатқан патрульдік көліктегі тәртіп сақшылары, азаматшаны байқаған. Әйелдің тұншығып жатқанын түсінген аға лейтенант Оразгелді Өтеген алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ойланбастан әйелді ауруханаға жеткізеді.

Мен “ауыр бронх демікпесі” ауруына байланысты 3-ші топтағы мүгедекпін. Өмірімді сақтап қалған 3-ші батальонның взвод командирі, аға лейтенант  Оразгелді Өтегенге және оның әріптестеріне шексіз алғысымды білдіремін. Егер де бұл адамдар дәл сол жерде болмағанда, нәтижесі өлімге әкелер ме еді? Кім білсін... Осындай патриот, адам өмірін ойлап, бейжай қарамайтын жандарды тәрбиелеген Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің жоғарғы басшылығына мың алғыс – дейді Ақлима Омарова.

Ұлттық ұлан офицерінің ерлігі туралы тек бүгін белглі болды. Құтқарылған азаматша әскери бөлім командиріне алғыс білдірген хат жолдапты.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы