Қарағандыда аттракцион құлап, екі адам зардап шекті
Қарағандыдағы орталық саябақта аттракцион істен шығып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалалық мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлары басқармасының мәліметінше, орталық саябақтағы “Тікұшақ” балалар аттракционының бірінде екі адам – әйел мен бала отырған кабина құлаған.
Оларды дәрігерлер тексеріп, үйлеріне жіберілді. Бұл аттракцион жеке тұлғаға тиесілі. Аттракцион биыл маусым (мамыр айында) басталғанға дейін техникалық сараптамадан өткен. Иесінде пайдалануға қажетті барлық құжаттар бар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізуде, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы