Қарағандыда ардагер музейге сирек кітапты сыйға тартты

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №31 мекемесінде 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай өткен мерекелік іс-шарада ерекше мәдени оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ардагер, әділет майоры, зейнеткер Ткачёв Юрий Тимофеевич мекеме музейінің қорына сирек кездесетін "Боздақтар" атты кітапты сыйға тартты.

Айта кету керек, бұл басылымның әрбір данасы шектеулі тиражбен шығарылып, автордың өзі қолмен нөмірлеп, қолтаңбасын қалдырған. "Боздақтар" (қазақша мағынасы – "Жас қаһармандар") кітабы – Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы қазақ партизандары мен халық жасақтарының ерлігін баяндайтын зерттеу еңбегі. Сирек таралымы мен жоғары сапалы полиграфиясы бұл басылымды ерекше тарихи-мәдени құндылыққа айналдырып отыр.

Кітапты табыстау рәсімі мекеменің акт залында өтті. Сөз алған Юрий Ткачёв бұл сирек кездесетін дананы "ұрпақтар сабақтастығы мен елдің мәдени мұрасын сақтау жолындағы рәміз" ретінде тарту ететінін айтты.

Бұл оқиға музей қорын бағалы дүниемен толықтыру ғана емес, сонымен бірге жас буынды құнды әдебиетті оқуға ынталандыру арқылы кітапқа деген құрметті арттыруға жол ашады, - деді мекеменің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Тұрсын.

Мекеме қызметкерлері ардагерге алғыстарын білдіріп, "Боздақтар" кітабы музейде лайықты орын алып, қызметкерлер мен жазасын өтеушілерге оқу үшін қолжетімді болатынын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті
Өзгелердің жаңалығы