12 Қаңтар 2026, 10:45
Фото: instagram.com/shk_kz
Қарағандыда 50 адам мінген автобус жолдан шығып кетті
Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Шахтинскіден шығаберіс жолда болған. Боран мен көктайғаққа байланысты автобус тізгінге бағынбай, жол жиегіне шығып кеткен. Салонда шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ведомство жүргізушілерге үндеу жасап, боран, қатты жел мен көктайғақта аса мұқият әрі сақ болуды ескертті.
Жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтаңыздар, манёврді ойланбай жасаудан аулақ болыңыздар, ал мүмкіндік болса, алыс сапарларды кейінге қалдырыңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты, – деп мәлімдеді полиция.