Қарағандыда 5 мың үйге газ қосылады
Екі шағынауданда желі тартылды
Қарағанды өндірістік филиалының «QazaqGaz Aimaq» АҚ жобасына белсенді қатысуының нәтижесінде 4 940 жеке тұрғын үйді табиғи газға қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар газ тарату желісіне әлеуметтік және қоғамдық нысандар да қосыла алады. Атап айтқанда, 1 мектепті, 5 балабақшаны, 2 медициналық мекемені және 4 спорт секциясын газдандыру жоспарланған.
Жобаны іске асыру Таугүл және Күнгей шағынаудандары тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға, қалалық инфрақұрылымды дамытуға және әлеуметтік нысандарды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2026 жылы Қазақстанның Энергетика министрлігі елді мекендерді газдандыру бойынша 40 жобаны жүзеге асырып жатыр. Биыл тағы 36 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізеді деп күтілуде.
Жыл соңына дейін халықты газдандыру деңгейі 64,5 пайызға жетіп, 13,2 миллион азамат табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болады деп жоспарланған.