Бүгiн 2026, 16:07 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ

Қарағандыда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Майқұдықта 3 жасар бала терезеден құлап, жарақаттанды.

Қарағандыдағы Майқұдықтың 12-шағынауданында үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, терезеден құлаған 2023 жылы туған бала көптеген жарақатпен бірден ауруханаға жеткізілген.

Қарағанды қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2023 жылы туған ұл бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, депи хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Назарбаев мектебінің терезесінен оқушы құлаған болатын. 

Сондай-ақ, Ақмолада 7 жасар бала терезеден құлады