18 Қыркүйек 2024 2024, 02:28 Фото: видеодан кадр

Қарағандыда 23 адам өрттен эвакуацияланды

Қарағанды облысында өрттен 23 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысында өрттен 23 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Қарағанды қаласының 2-ші квартал ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 20 шаршы метр алаңда қоқыс, жиһаз және үй заттарының жануы орын алды.

ТЖМ күштері құтқару қалпағының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуацияланды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.