Бүгiн 2026, 05:18 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қарағандыда 20 жастағы жігіт үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Кейін ол жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді.

Қарағанды қаласында құтқарушылар тұрғын үйден құлаған жас жігітке жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Степной-4 шағынауданындағы 10 қабатты үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылы туған азамат үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен белгісіз жағдайда құлап кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үш иінді баспалдақты пайдаланып, зардап шеккен жігітті кіреберіс қалқанының үстінен қауіпсіз жерге түсірді.

Кейін ол жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді.