Бүгiн 2026, 15:24 Фото: видеодан алынған кадр

Қарағандыда 18 жасар спортшы турнирде жарақат алып, комаға түсті

Жас спортшының туыстары төрешілер мен ұйымдастырушылардың әрекетін сынға алып, тергеуді талап етіп жатыр.

Қарағандыда 18 жасар Арслан Атымтаев жекпе-жек турнирінде тыйым салынған әдіс қолданылған кездесу кезінде ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта реанимацияда жатыр. Туыстары төрешілер мен ұйымдастырушылардың әрекетін сынға алып, тергеуді талап етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға қалай болды?
 
Турнир 15 ақпанда өтті және бұл жарыстың екінші күні болатын. Бір кездесуде қарсылас Арсланды басымен төмен қарай лақтырған, алайда төрешілер бой көрсеткен жоқ. Сол сәттен кейін Арслан өзін нашар сезініп, басын ұстап, кейін есінен танып қалған.
 
Медициналық көмек көрсетілмеген:
 
•Сол жерде тек мейірген (медбрат) қана болған, қажетті реанимациялық жабдық болмаған;
•Жедел жәрдем көлігі кезекшілік жасамаған, шақыру әрекеті жасалмаған;
•Спортшы омыртқасы бекітілмей шығарылып, медициналық протоколдарға сәйкес тасымалданбаған;
•Арслан ауруханаға ересектерсіз, тек 16 жастағы достарымен жеткізілген.
 
Туыстары туыстары оқиғаны турнир ұйымдастырушыларынан емес, достарынан естігенін айтады.
 
Сол жерде тек медбрат қана болды, қажетті реанимациялық жабдық жоқ еді. Жедел жәрдем көлігі кезекшілік жасамаған және оны шақыру әрекеті де болмады. Жарақат алған спортшы омыртқасы дұрыс бекітілмей шығарылып, медициналық тасымалдау протоколдары сақталмай көлікке салынды. Арслан ауруханаға ересектерсіз – тек 16 жастағы жас достарымен жіберілді. Тіпті туыстары оқиғаны турнир ұйымдастырушыларынан емес, оның достарынан естіді, - дейді зардап шеккеннің әпкесі Іңкәр Қалиева.
 
Қазіргі жағдайы
 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы спортшының ауыр жағдайда, реанимация бөлімінде жатқанын хабарлады.
 
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы бойынша тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
Тергеу басталды
 
Қарағанды облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы бойынша тергеу басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты әрі объективті тексеріліп жатыр.