16 Қараша 2025 2025, 05:32
Фото: istockphoto.com
Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды
Қарағандыда құтқарушылар 17-қабатта терезе алдына шыққан бойжеткенді аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағандыда құтқарушылар 17-қабатта терезе алдына шыққан бойжеткенді аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, полиция қызметкерлері Қазыбек би ауданындағы Республика даңғылында орналасқан көпқабатты үйде 2006 жылы туған қыздың терезе алдында тұрғанын хабарлаған.
Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары шатырдан альпинистік құрал-жабдық арқылы түсіп, қызды қауіпсіз түрде пәтер ішіне кіргізді. Мамандар осылайша қайғылы жағдайдың алдын алды.
Құтқарылған азаматша жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.