Қарағанды ​​зообағы ерекше байқау жариялады

Қарағанды ​​хайуанаттар бағының әкімшілігі жаңа туған жолбарыстардың төлдеріне ат таңдау бойынша байқау жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқау шарты бойынша есімді Instagram-дағы посттың астына жазу керек. Ал адам есімдерін қоюға болмайды.

Қарағанды ​​хайуанаттар бағы жолбарыс балаларына - ұл мен қызға ең жақсы есімдер қоюға байқау жариялайды. Байқау қорытындысы 29 шілдеде белгілі болады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қарағанды ​​хайуанаттар бағының әкімшілігі 15 жылда алғаш рет жолбарыстардың отбасында төл дүниеге келгенін айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы