22 Шілде 2023 2023, 06:23
Фото: видеодан кадр
Қарағанды зообағы ерекше байқау жариялады
Қарағанды хайуанаттар бағының әкімшілігі жаңа туған жолбарыстардың төлдеріне ат таңдау бойынша байқау жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды хайуанаттар бағының әкімшілігі жаңа туған жолбарыстардың төлдеріне ат таңдау бойынша байқау жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Байқау шарты бойынша есімді Instagram-дағы посттың астына жазу керек. Ал адам есімдерін қоюға болмайды.
Қарағанды хайуанаттар бағы жолбарыс балаларына - ұл мен қызға ең жақсы есімдер қоюға байқау жариялайды. Байқау қорытындысы 29 шілдеде белгілі болады, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қарағанды хайуанаттар бағының әкімшілігі 15 жылда алғаш рет жолбарыстардың отбасында төл дүниеге келгенін айтқан еді.