Қарағанды-Жезқазған пойызы ер адамды қағып кетті

Алматы, BAQ.KZ. Бұл Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылының маңында болған. Жүргізуші шұғыл тежеуді басқан, бірақ кеш болды. Пойыз бен адам арасындағы қашықтық тым қысқа болды, деп жазады inbusiness.kz.

Патриот телеграм-каналының мәліметінше, қайтыс болған адамның Жаңаарқа ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Оның неліктен рельске шыққанын тергеу анықтайды. Оқиға орнында желілік полиция басқармасының тергеу-жедел тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ол осындай шешімге әдейі барған болуы мүмкін.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы пойызды кенет тоқтату мүмкін емес екенін еске салады. Сағатына 80 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз аз уақытта тоқтай алмайды. Авариялық тежеу кезінде пойыздың тежеу қашықтығы кемінде 900 метр болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы