Қарағанды ЖЭО-3 келесі жылыту маусымына дайындықты бастады

Қарағанды ЖЭО-3-те 2023–2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу бағдарламасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыстар бекітілген кесте бойынша жүргізілетін болады.

Биыл екі қазандықта, бір турбинада күрделі жөндеу жүргізіледі, сондай-ақ турбоагрегатты кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жоспарланған. Қалған жабдықта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір энергетиктер № 1 қазандық агрегаты мен № 1 турбинаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде, көлеміне сәйкес жұмыстар 20 тәуліктен астам уақытқа созылады, – делінген "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС хабарламасында.

Компанияның мәліметінше, қазандық қондырғысында ең жоғары температуралық жағдайда жұмыс істейтін қыздыру беттерін ауыстыру қажет. Сондай-ақ, парк ресурсына қызмет еткен жабдықтардың тораптары ауыстырылатын болады.

Турбинада ақауларды ерте анықтау үшін металдың күйіне диагностика жасалады.

Қарағанды ЖЭО-3-те барлығы 8 қазандық агрегат және 6 турбина жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен
Өзгелердің жаңалығы